ҚАРАКЕМЕРДЕ ӨТКЕН ИГІ ШАРА

0

«Наурыз — жаңару күні. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы айтпақшы, бұл қазақ халқына тән жалғыз ұлық мейрам. Бұл күннін орны басқа мейрамдардан да, астан да, тойдан да жоғары. Сол себепті сіздердің бұл күні ұлтқа, ұлысқа, жерге бөлінбей бірлесе осындай сауапты іс жасауларыңыз өте орынды болып отыр. Осында ортақ іске атсалысып, ақыл-кеңесін беріп отырған қариялардай батагөй ақсақалдарымыз көбейсін, үлкеннің сөзін екі етпей ата жолын қуған жастарымыз көбейсін!», — деп аудан тұрғындарының ауызбіршілігіне тәнті болғанын жасырмады.
Осылайша, жуырда ауданда құрылған қоғамдық келісім кеңесінің жоспарына сай, мешіт имамдары мен жамағаттың ұйытқы болуымен өткен іс-шара барысында Сортөбе ауылының ақсақалы Абдулкарим Войнце сөз алып, алдағы күндері мұндай кездесулердің жиі өтетініне сенім білдірсе, Қаракемер ауылының ақсақалы, бұрын осында имам болған Садық Далдаев ақсақал жиылған жамағатқа ақ батасын беріп, алғысын бідірді.
Осыдан кейін Қаракемер ауылдық мешітінің имамы Данияр Таубалдының ұйымдастыруымен іс-шараға қатысқан қалың көпшілік жаңа мешітке жиналып, онда кір тасын көтеру және арқан тартыс ойындарын тамашалады. Сонымен қатар, ауылдық мешіт өкілдері көрерменге Қарасайдың батырлығы мен Төле бидің туралығы жайындағы қысқаша көрінісін ұсынып, мешіт асханасына кең дастархан жайылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.