Қордай ауданына жаңа имам тағайындалды

0

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы, Қордай ауданының имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.

ҚМДБ-нің Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай жамағатын бас мүфтидің бұйрығымен таныстырып, ауданның жаңа бас имамының жұмысына сәттілік тіледі. Бейбіт Мырзагелдиев аудандағы мұндай өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретініне, бейбітшілік пен келісімнің нығаятынына сенім білдіріп, Асқар Зәкіржанұлына жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Айта кетсек, бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Даурен Құттыбаев аудандық «Қордай» мешітіне найб имам әрі «Қордай» құран қариларын дайындау орталығына ұстаз болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.