ҚОРДАЙ ЖЕРІНДЕГІ БІРЛІК МЕРЕКЕСІ

0

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Еліміздегі ең сүйікті мерекелердің бірі «Қазақстан халқының бірлігі күні» күллі әлемдегі эпидахуалға қарамастан Қордай ауданында атап өтілді. Бірақ бұл жолы бірлікті ту еткен мерекелік концерт көрерменсіз, онлайн форматта, санитарлық талаптарды сақтай отырып тойланды.
Таңертеңнен Қордай ауылындағы орталық саябақта шырқап тұрған әсем әуен тұрғындардың шат көңілін көтере түскендей. Бұл күні БЖШО, аудандық мәдениет үйі және «Соседушки» ансамблінің мүшелері сахнаға шығып, бар өнерін көрсетті. Концерт әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде таратылды. Көрерменнің жоқтығы өнерпаздардың мерекелік көңіл күйін еш кемітпеді. Олар ән айтып, би билеп, күй тартты. Ұлттар достығы, татулық пен бірлік туралы сөздер айтылды. Шығармашық орталықтардың ұйымдастырған концертін тамашалауға аудан әкімі орынбасарының м.а. Дамира Сүгірбай және ауыл әкімі Бақыт Сахатов келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.