ҮМІТКЕРЛЕР АЛҒАШҚЫ ДЕБАТЫН ӨТКІЗДІ

0

«Nur Otan»  партиясы қолға алған праймериз науқаны бүгінде бел ортасына келді. Әуелі тамыз айында тіркелу өтіп, оған қордайлықтар белсене араласты. Тіркелген әрбір үміткер өз мүмкіндігін мүлт жібермеу мақсатында бүгінгі күнге сүрінбей келеді. Ал, күні кеше үміткерлер жария пікір сайысын бастаған болатын.

Қазіргі таңда аудандық партия филиалында 82 үміткер тіркеліп, алты топқа бөлінген. Олар өткен аптада сайлаушылармен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырған болатын. Ал, бүгінде олар праймериз тәртібі бойынша алғашқы дебатын өткізді. Аудандағы партияішілік іріктеуге түскен кандидаттардың алғашқы пікірсайысы аудандық Мәдениет үйінде өтті. Ондағы әрбір  үміткерлер өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ортаға салып, жиылған қауымды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

– Пікірсайыс үш кезең бойынша өтіп жатыр.  Алғашқы кезіңінде кандидаттар өз мақсаттарымен бөліседі. Ал, әрі қарай бір-бірінің сұрақтарына жауап береді де соңында залдағы көрерменнің сауалдарына жауап іздейді. Дебат барлық санитарлық ережелерді ескере өткізілуде, — дейді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай.

Дебатқа қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Негізінен, айтылған пікірлердің көбісі ауданның  әлеуметтік салалары мен экономикалық дамуына қатысты болды. Сондай-ақ, кандидаттар тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. Сонымен қатар, әлемдегі ахуалға байланысты пікір сайыс әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көрсетілді. Онда көрермендер өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарламаларымен танысты. Бұл пікірсайыс алда өзге ауылдарда жалғасатын болады. Естеріңізге сала кетейік, пікірсайыс аяқталғаннан кейін партияішілік сайлау 1-3 қазан аралағында өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.