ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ!

0

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

4 маусым – ҚР Рәміздері күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы!» атты жастар акциясы өткізілді. Акция барысында аудан тұрғындарына ту таратылды.  Егемендігіміздің, елдігіміздің басты нышандары көк Туымыз, еңселі Елтаңбамыз бен әуезді Әнұранымызды асқақтататын күн 1992 жылдан бері тойланып келеді. Төл рәміздерге бүгін ел бойынша жас та, жасамыс та ерекше құрмет көрсетті.Туымыз көгімізде, Елтаңбамыз төрімізде, ал, Әнұранымыз көкірегімізде. Бүгінгі жастардың акциясының басты мақсаты да ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы адамдардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, Мемлекеттік рәміздерге зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру болып табылады.

Г.Демеуова,  Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.