Ұстаздарға құрмет көрсетілді 

0

«Ұстаз – өмірдің шамшырағы. Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана, жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы — елдің ертеңін айқындайтын, оның бəсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тəуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тəрбиелеуші мұғалімдердің кəсіби мерекесі бүгін аудандық Мəдениет үйінде аталып өтті. 

 

Ұстаздар күніне арналған іс-шараға аудан әкімі Рүстем Дәулет, аудандық мəслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов қатысты. Мерекелік жиынға жиналғандардың назарына Төлеген Қыдырбектің орындауында «Ұстаз» монологы және «Попурри» оркестрі орындаған тамаша музыкалық туынды ұсынылды. Осыдан кейін аудан әкімі Рүстем Дәулет ұстаздарды құттықтап, олардың риясыз еңбектерін атап өтті.

«Кітап бетін ашып, оқу-жазуды үйрететін бірінші адам – мұғалім. Карантинге байланысты бұл күнді шектеулі түрде атап өтуге тура келіп тұр. Дегенмен, бұл жағдайдың сіздерге деген құрмет пен ризашылығымызды бәсеңсітпесі анық. Сіздер балалардың ғана емес, бүкіл елдің болашағын қалаушы азаматсыздар. Биыл білім саласына 16 млрд. теңге бөлінді. Құны 2 млрд. теңгеден асатын екі жаңа білім беру мекемесі салынуда. 4 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, бұған 1 млрд. теңге жұмсалды. Аудан мектептерінің материалдық-техникалық баасын нығайту үшін 250 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Мұның бәрі ең алдымен мұғалімдер саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беру үшін жасалып жатқан жағдай. Сіздердің бүгінгі еңбектеріңіз міндетті түрде өз жемісін береді», — деді аудан әкімі. Сонымен қатар, аудан басшысы білім беру саласының үздік өкілдеріне грамоталар мен бағалы сыйлақтарды тапсырды. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен БЖШО жаппай білім беру бөлімінің меңгерушісі Ж.Нұралиева, №26 ОМ биология пәнінің мұғалімі С.Нұрниязова, №23 ОМ география пәнінің мұғалімі А.Нұрғалиев марапатталса, аудан басшысының Алғыс хаттарына №30 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Мүслімова, №7 ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Әлімбаева ие болды. «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасымен №4 МЛ кітапханашысы М.Айнақожаева, №43 ОМ технология пәнінің мұғалімі Ә.Спатай, №41 ОМ география пәнінің мұғалімі А.Күмісбекова марапатталса, партияның Алғыс хаттары №47 ОМ химия және биология пәнінің мұғалімі Н.Алламбергенова мен №51 ОМ кітапханашысы Г.Бибековаға тапсырылды.

Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамоталары білім беру бөлімінің әдіскері Е.Тайбеков, №4 ОМ география пәнінің мұғалімі Б.Жамбаева, №17 ОМ биология пәнінің мұғалімі И.Чилюрге табыс етілді. Алғыс хаттар №36 ОМ мұғалімі Г.Жақыпбековаға, №26 ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Жанаеваға, №47 ОМ химия пәнінің мұғалімі Ж.Жақыпбаеваға тапсырылды. Сонымен қатар, білім беру саласына еңбегі сіңген В.Прохоренко, Р.Ким, Б.Акманова, Н.Костылева, Н.Николаева, Г.Садықова, А.Жұмабаева, А.Кокумбаева сынды ардагерлер назардан тыс қалған жоқ.

Өз кезегінде ұстаздарды аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов құттықтап, мәлихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын №4 МЛ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Айдынбековаға, №9 ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жарылғасымоваға, сырттай оқытатын мектептің тарих пәнінің мұғалімі Б.Жамангозоваға, БЖШО қызметкері Т.Қыдырбекке, №25 НМ биология және география пәнінің мұғалімі Э.Токобаеваға тапсырды.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

 

Серғазы Манасбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.