Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу

0

 

Гвардейск гарнизонында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті.

Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру мақсатында және әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау деңгейін төмендетуге бағытталған «Айыппұлсыз жыл» акциясын өткізді.

Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әскери полиция органдарына деген сенімін арттыру мақсатында әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, әйелдер кеңестерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында қоғамда жиі орын алатын заң бұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер жайында айтылып, алдын алу шаралары түсіндірілді. Іс-шара барысында барлық белгіленген санитарлық нормалар сақталды.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және анықтау мақсатында рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілді.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.