ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!

0
 Қордай АЭС қызметкерлері балансында электр жабдықтары бар тұтынушыларға: 10/0,4 кВ әуе желілері, трансформаторлық қосалқы стансалар, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы стансаларға техникалық қызмет көрсету шарттарын жасасу туралы хабарламалар табыстады.

 

Қордай аудандық электр тарату желісі меншіктегі электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы шарт жасасу қажеттігін хабарлайды. Қазіргі уақытта тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен бұл электр қондырғылары нашар жағдайда, жалпы жүйеде электр қуаты үзіліп жатыр. Уақытылы техникалық қызмет көрсетпеу электр қондырғыларының жекелеген тораптары мен агрегаттарының істен шығуына әкеп соғады, бұл оларды ауыстыру бойынша қосымша жұмыстарды талап етеді және осы электр желісінде орналасқан басқа тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы тапшылықты арттырады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, 7-тармақтың 52-тармағының 3.5-тармақшасы тұтынушының кінәсінен электр беру желілерінің апатты сөнуі, энергия беруші ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғылары жұмысының, электр қуатының бұзылуына байланысты электр беру тоқтатылады. Ажыратылған нысанды қалыпты электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін және энергетикалық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жүзеге асырылады.

«ЖЭЖ» ЖШС 21.12.2012 жылғы № 616 бұйрығына сәйкес АЭТЖ-ның барлық басшылары «Энергосараптама» өкілдерімен ведомстволық тұтынушылардың барлық электр қондырғыларының жұмыс талаптарына сәйкестігін және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық жарамды жай-күйін тексеруге міндетті (Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 2-1-тармағының 9-тармағы) ЭЭПЕ Ережелері мен нормативтік актілер  бұзушылықтар анықталған жағдайда, жоюдың ең аз мерзімімен бұйрық шығарады.

«Қордай» АЭТЖ хабарламаны алған күннен бастап 30 күн ішінде келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажеттігін хабарлайды:

— жұмыстарды орындауға уәкілетті ұйыммен электр жабдығына техникалық қызмет көрсету шарты;

— қауіпсіздік ережелерін, пайдалану ережелерін және тиісті кіру тобын білуді тексеру хаттамасы бар электр жүйесіне жауапты тұлғаның бұйрығы;

— орындалған жұмыстардың жазбалары бар электр жабдығына техникалық төлқұжат;

— техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырған ұйым берген электр жабдығын кәсіби сынақтан өткізу хаттамасы.

Электр қондырғыларын теңгерімнде ұстаушылардың электр қуатын авариялық сөндірген жағдайда, жоғарыда аталған желілерде жұмыстарды орындауға рұқсаты бар ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарты жасалғанға дейін бұзылған учаске қайта қосылмайды.

Қордай АЭТЖ әкімшілігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.