ҚҰЖАТТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАЙЫ

0

Осы аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Е-Архив» ақпараттық жүйелер арқылы ведомстволық архивте уақытша сақтауда тұрған тұрақты және жеке құрам құжаттары мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға қағаз жүзінде және электронды форматта өткізу туралы іс-шара өткізілді.

Шараға аудандық мемлекеттік архивінің директоры Қатира Уәлиева, бөлім және мекеме басшылары, архивке жауапты мамандар және ауылдық округ әкімдері қатысты. Ұлттық архив қорын сақтау мақсатында қазіргі уақытта барлық мемлекеттік мекемелердің тұрақты сақталатын құжаттары әр 5 жыл сайын сақталу мерзіміне сай өңделген күйде аудандық мемлекеттік архивке өткізілуі тиіс. Сондай-ақ, ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылады. Осы аталған бұйрықтың 166 тармағына сәйкес ҰАҚ құжаттарын, оның ішінде электрондық құжаттарын тапсыру ретке келтірілген түрде архивтерді тапсыратын заңды тұлғалардың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

«Техника қарыштап дамыған заманда архив саласы да өте жақсы қарқынмен дамып келеді. Құжаттарды цифрлық форматқа өткізу үшін арнайы жылдамдығы жоғары сканер аппараттары да алынбақ.  Бүгінде еліміздің барлық архивтеріне мемлекеттік сақтаудағы құжаттар цифрлық форматқа көшірілуде. Бұл дегеніміз цифрландыру жүйесінің архив саласында мамандарға уақыт үнемдеуге, құжаттарды сақтауға, сұраным берушілерге қолжетімділікті арттыруда тигізетін пайдасы зор», — мемлекеттік архив директоры Қатира Құрманғалиқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.