ҚАМЫС ӨРТЕУ ҚАУІПТІ

0

Маусымдық қамыс өртеу, шабу орындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №593 «Республикалық маңызы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітіліп, Ереже мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесіне енгізілген.

Онда жер кодексінің ережелерінде күз-көктем мезгілдерінде қамыс өртеуге рұқсат етілмейтіндігі қаперге берілген. Осыны аудан тұрғындарының назарда ұстауын жөн санаймыз.

Өткен жылғы құрғақ шөпті жағу жер үшін пайдалы, оны күлмен ұрықтандырады деген жалған пікір бар, сондықтан көптеген азаматтар арнайы шөп шабуды ұйымдастырады.

Шын мәнінде, мұның пайдасы жоқ: шөпті жағу кезінде көптеген пайдалы микроорганизмдер өледі, ал құрғақ шөпте көрінбейтін жас шөп өліп кетуі мүмкін.

Жалпы, дала және орман алқаптарында отты ашық пайдалануға тыйым салынған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 367-бабы бойынша далада ашық отты пайдаланып, өртеу жағдайлары орын алса, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Егер сіз өртті байқасаңыз, дереу «101» немесе «112» телефоны бойынша (ұялы телефоннан) өрт сөндіру қызметін шақырыңыз, содан кейін барынша сақтық сақтай отырып, қолда бар құралдармен жануды оқшаулауға кірісіңіз.

Ғалымжан ОСПАНОВ, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.