«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе отырып, «Қауіпсіз терезе» жобасы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жазатайым жағдайларға тап болуының алдын алу және ата-аналар мен тұрғындардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында мамандар тұрғындарға тұрмыстық қауіпсіздік талаптары, атап айтқанда, терезе маңындағы балалардың өміріне төнетін қауіптер туралы кеңінен түсіндірме берді.
Ата-аналарға терезелерге арнайы қорғаныш құралдарын орнату, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік мәдениетін отбасында қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Балалардың амандығы – қоғамның болашағы. Сондықтан әрбір ата-ана мен азамат күнделікті тұрмыста қауіпсіздік шараларына ерекше мән беруі тиіс.