Қауіпсіздік – әр отбасының жауапкершілігі

0

Күн суыған сайын тұрғындар тұрмыстық электр жылытқыштарын жиі қолдана бастайды. Алайда зауыттық емес немесе ескі қыздырғыштарды пайдалану тұрғын үйдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Электр жүктемесінің артуы қысқа тұйықталуға, ал ол өз кезегінде өртке алып келуі мүмкін.

Көп адам «бізде өрт болмайды» деп қателеседі. Бірақ өрт – адамның өз іс-әрекетінің немесе салғырттығының нәтижесі. Сондықтан әрбір азамат күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Электр сымдары мен құралдарын уақтылы тексертіп, қажет болса, ауыстырыңыз. Розеткалар мен қосқыштар жақсы күйде болуы керек. Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз. Сымдарды тұсқағаздың астына жасыруға, майлы бояумен бояуға немесе шамдарды сымға іліп қоюға тыйым салынады. Үйден шыққанда, барлық электр құрылғыларын өшіріңіз – күту режиміне де қалдырмаңыз. Ауылдық жерлерде пешпен жылыну әлі де кең таралған. Бұл жағдайда да қауіпсіздікке баса мән беру қажет:

пеш пен үйдің ағаш құрылымдары арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс;

пешті бензин, керосин және тез тұтанғыш сұйықтықтармен тұтату қауіпт;

ашық есікті пеште от жағуға, үстіне киім, отын және басқа да заттарды қоюға болмайды;

пештің ішкі-сыртқы ақауларын жылыту маусымы басталмай тұрып жөндеңіз;

пеш пен мұржаны үнемі тазалап отырыңыз.

Жылытқыштардың үстін жабуға, киім кептіруге, жиһазға тым жақын қоюға тыйым салынады.

Құралдардың беттерін шаң мен қоқыстан тазалап отырыңыз.

Жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз.

Кереуетте жатып темекі шекпеңіз.

Сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз.

Сіріңке мен темекі қалдықтарын еденге тастамаңыз.

Өртті болдырмаудың ең тиімді жолы – алдын алу шараларын сақтау. Егер төтенше жағдай орын алса, дереу 101 немесе ұялы телефоннан 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.