ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

0

5 ақпанда Тараз қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара Жамбыл облысы білім басқармасының мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жастар ресурстық орталығының өкілдері, Жас сайлаушылар клубының мүшелері, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Дүниежүзілік сайлау күнінің маңызы мен мақсаты, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің даму тарихы, соңғы жылдары жүргізілген электоралдық реформалар, сайлау процесінің ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау мерекесіне орай, бірқатар мәселелерге тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30 қаңтардан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мүшесі болып табылады. 1992 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның барлық құрылтай құжаттарына, ең алдымен 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісіне және Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясына қол қойды, осылайша Қазақстан ұйым мүшесінің барлық міндеттемелерін қабылдады. 1999 жылы Алматы қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы орталығы ресми түрде ашылды.

2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Сиофок қаласында «Жиырма бес мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен сайлау ұйымдарының Дүниежүзілік конференциясы өтті, оның шешімдерінің бірі «Дүниежүзілік сайлау күнін» белгілеу болды.     Міне, содан бері бұл мереке жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі.

Қазақ елінде хан сайлауы, кейін аға сұлтандар сайлауы, тіпті болыс сайлаулары да болды. Ол дегеніміз, Дала демократиясы біздің тарихта ерте заманнан қалыптасып, нәтижиесінде бұқара халықтың таңдау жасау құқығы, сол кездегі билікке қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

Ал, Кеңес дәуірінде, 1936 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жаңа Конституциясы қабылданып, онда мемлекеттің ең жоғары билігі – Жоғарғы Кеңес оның депутаттары жалпы халықтық, тең және жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

Ал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1937 жылы өтті. Бұл сайлау жүйесі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін жұмыс істеп тұрды.

1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізіліп, онда жаңа Президент лауазымы бекітілді.

Президент жалпы халықтың емес, Жоғарғы Кеңестің депутаттары дауыс беруімен сайланатын болды. Осы жылдың 24 сәуірінде алғашқы Президенттік сайлау өтті.

Республикамыздың сайлау жүйесі одан кейін 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясымен нақты бекітілді.

Елімізде Сайлау үрдерістерін жетілдіру мақсатында соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүріп жатқан саяси рефомалар барысында:

Бірінші: Саяси партияларды институтционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалынды. Партияларды тіркеу едәуір жеңілдетілді.   (тіркеу шегі 4-есеге—20 мыңнан 5-мың адамға азайтылды, өңірдегі өкілдер саны 6+00-ден 200 адамға төмендетілді. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-адамнан 700 адамға азайтылды.)

Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырды.

Бүгінде саяси партиялар Парламенттегі өз өкілдері арқылы аймақтардағы қордаланған проблемаларды Парламент, Үкімет алдына қоя отырып, тиімді шешімдер қабылдануына ықпал етуде

Екінші: Қазақстан Республикасының Президентін конститутциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқы негізінде сайлаушылардың жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланатындығы және ол тұлға бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайтындығы айқындалды. (ҚРК 41-бабының 1–ші тармағы,42-баптың 5-ші тармағы).

Үшінші: Сайлау—аралас сайлау яғни пропорционалды-можоритарлы жүйеге көшірілді. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен сайлану енгізілді.

Аралас сайлау жұйесі республикалық маңызы бар қалалармен облыстық маслихаттар сайлауына да енгізілді.

2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық денгейдегі мәслихаттар депутаттары толықтай заңда қабылданған жүйемен сайланды.

Сондай-ақ, аудандар мен қалала маслихат депутаттарының сайлауы толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси ортаны қалыптастыра отырып, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашты.

Бесінші: 2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтыру енгізіліп, осы топтағы сайлаушылардың еркіне қарай, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруіне сайлау учаскелерін барынша қолайлы етіп жасақтау керектігі айқындалған.

Бүгінгі күні, облыстағы барлық 513 сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкестендірілген. Бұл учаскелердің барлығында мүгедектігі бар адамдардың учаскеге келіп дауыс беруіне толықтай жағдай жасалынған.

Біз өткен жылы сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздарына алғаш рет мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат қамтылған қосымша QR – код енгіздік. Бұл QR – кодты сканерлеу арқылы мүгедектігі бар азаматтарға келесідей ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Өткен жылы ҚР ОСК мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижиесінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде Жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күні облыстағы 719 сайлау комиссияларында 46З1 комиссия мүшелері 727 мыңға жуық сайлаушылармен жұмыс істеуде жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда.

Мысалы, бұрын сайлаушыларды сайлау туралы ақпараттандыру және дауыс беруге шақыру екі жақты мемерандумның негізінде БАҚ арқылы жүргізілген болса, соңғы жылдары осы саланы трансформациялау барысында әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалана отырып, ақпараттандыру саласына бірқатар жаңа форматтар енгізілді.

Ол, ұялы байланыс операторларымен таратылған СМС хабарламалар арқылы және әрбір сайлаушыға жеке-жеке шақыру қағаздарын тарату арқылы сайлаушыға сайлау туралы ақпарат беру.

Мұндағы бір ерекшелік, сайлаушыға берілетін шақыру қағазы арқылы сайлаушы сайлау учаскесінің мекен жайын, дауыс беру уақтысын және енгізілген QR-кодты сканерлеу арқылы кандидаттар туралы тиісті ақпарат алып, өзінің таңдауын жасауына толық мүмкіндік алуда. Сол сияқты сайлау комиссиялары сайлау процессін даярлау барысындағы жұмыстарын әлеументтік желілерге жариялау арқылы желіні тұтынушыларға сайлау туралы ақпараттар беруде. Сонымен қатар, сайлауға дейін сайлаушылардың тізімін нақтылау шаралары әкімдіктерде құрылған Call -орталықтарда және дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары мен Egov порталындағы онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасалуда.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар. Оның айғағы, өткен бес жылда, сайлау комиссияларының сайлауды заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып өткізуі болып табылады. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың барысында жастардың саяси өмірге араласу маңыздылығын атап өткім келеді.

Мысалы, облыстағы мәслихаттарға сайланған 210 депутаттардың 23-і (11%) жастар болса, облыстағы барлығы 151 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл әкімдерінің ішінде 30-ы жастар (20%).

Бұл бағытта, олдардың қоғамдағы рөлі мен олардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында өткен жылы облыста «Жас сайлаушылар» клубтары құрылып өз жұмыстарын бастап кетті. Облыс аумақтарында құрылған жас сайлаушылар клубтары жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда диалог пен практикалық алаң ретінде қызмет атқарып, жастар тарапынан қолдау табуда.

Оның айғағы ретінде облыстық, қалалық және аудандарда өткен жас сайлаушылар клубтарының форумын айтуға болады. Форумда жастар сайлау жүйесі туралы кең ауқымды ақпарат алып қана қоймай, пікірталастарға қатысып, өз сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Сайлаушылар күн қарсаңында облыс бойынша 60 -қа жуық іс-шаралар ұйымдастырылып оған 2000 аса жастар қатысып сайлауға деген қызығушылықтарын танытуда. Жастар жасанды интелектіні сайлау жүйесіне енгізу, электораттық оқыту саласында жаңа форматтарды енгізу сияқты бірқатар ұсыныстар беуде.

Бұл жастардың саясатқа қатысуына ынталы екендігін көрсетеді.

Сондықтан, жастардың электоралдық білімін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын жетілдіруде өз тарапымыздан үнемі қолдау көрсететін боламыз.

Жалпы, халықаралық тәжірибиеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратындығы белгілі.

Осыған орай, биылғы жылы еліміздің басқару жүйесін жаңа институтцоналды денгейге көтеру мақсатында басқару жүйесін жетілдіре отырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайтып, Күшті Президент, ықпалды—Парламент «Құрылтай», есеп беретін Үкімет және елімізде мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын «Халық кеңесін» құру сияқты кешенді мақсаттарды іс жүзіне асыру барысында еліміз түбегейлі жаңа конститутциялық модельге қадам басып отыр.

Бір сөзбен айтқанда еліміз мемлекет құрудың жаңа кезеңіне көшкелі отыр. Бұндай либералды бастаманы Конститутцияның жобасын талқылау барысында халықаралық саяси ұйымдарымен Қазақстан халқы қолдауда.    Елімізде мемлекет құрудың жаңа кезеңінде, сайлау комиссиялары өз өкілеттік шеңберінде заң талаптарына сәйкес қызметтерін атқаратын болады».

Сонымен қатар, кездесуде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, жастардың сайлауға қатысу белсенділігіне тоқталды.

«Жастар – қоғамның ең белсенді әрі жаңашыл бөлігі болғандықтан, олардың саяси процестерге қатысуы елдің болашағына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, саяси мәдениетті қалыптастыру, олардың азаматтық ұстанымын нығайту мақсатында түрлі ақпараттық-танымдық жобалар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жастардың сайлауға қызығушылығын арттырып, олардың дауыс беру процесіне саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді» деді өз сөзінде.

«Phoenix» адам құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балжан Абдуллаева бүгінгі күнгі сайлау науқандары кезеңдерінде қоғамдық бірлестіктердің атқаратын рөліне кеңінен тоқталды. Ол азаматтық қоғам институттары ретінде қоғамдық бірлестіктердің сайлау процесінің ашық, әділ және заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын атап өтті.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ерасыл Бердіге:

«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайлау – әрбір азаматтың негізгі саяси құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі болып табылады. Мемлекеттің демократиялық дамуы, құқықтық жүйенің нығаюы және қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы азаматтардың сайлау процесіне белсенді қатысуымен тікелей байланысты.

Қазіргі қоғамда жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші. Жас ұрпақтың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігі мемлекет болашағының берік негізін қалайды. Осы орайда, сайлауға қатысу – жас азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде араласатынын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Әрбір дауыс маңызды. Әрбір таңдау – ел болашағы. Белсенді азамат – қуатты мемлекет негізі» деді.

Жиын соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов жастар – ел болашағының негізгі қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.