ҚАЗАҚСТАН – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

0

Балалар жылына орайластырылған іс-шаралар қатары барлық мәдениет орындарында ұйымдастырылуда.

Мәселен жуырда ғана Қордай ауданына қарасты Степной ауылдық мәдениет үйінде «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасының «Дарынды жастардың дамуына ықпал ету» жобасы аясында «Қазақстан – балалар көзімен» атты жас суретшілер көрмесі өтті. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық, жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, елге деген сүйіспеншілігін, ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету.
Өскелең ұрпақты көркем шығармаға баулу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндіктер ашылады. Көрмеге суретшілердің бала қиялындағы ойға түйген дүниелерін қылқалам арқылы әзірлеп, өз жұмыстары көпшілікке ұсынылды. Көрмені мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары тамашалап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.