«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2022» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ

0

Бұл күні «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында азық-түлік, химия, жеңілөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясында өзіндік орны бар 82 тауар өндірушіөз экспозицияларын ұсынды. Олардыңқатарындамүйізіқарағайдай ірі компаниялармен қоса шағын және орта бизнес өкілдері де болды. Өңірде осымен сегізінші рет ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйлеп, кәсіпкерлерге табыс тіледі.

– Кәсіпкерлік – ел экономикасының басты қозғаушы күші. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктіңөңірлікөнімүлесінің айтарлықтай артуына (21,5%) қол жеткіздік. Жалпы, облыста 76 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Онда 124 мың адам жұмыспенқамтылған. Сондай-ақ, жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілері 4 900 бірлікке артып, 76 мыңға жетті. Бұл, Мемлекет Басшысыныңқолдауы және Сіздердің белсенді шаруаларыңыздың нәтижесі екені белгілі. Сонымен қатар, қазақстандыққамту мәселелеріне назар аудару керек. Тек шикізат немесе тауар шығарыпқанақоймай оны өңдеу мәселесіне бет бұру аса маңызды. Бүгінде облыс кәсіпкерлерінің 101-і «СТ-KZ» сертификатына ие болып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнеске барлыққолдауларкөрсетілуде.Тек 2022 жылдың 6 айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 миллиард теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінді (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді). Кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жетілдіру, әрі тиімділігін арттыру мақсатында облыста 3 арнайы алаң іске қосылған. Атап айтқанда, «Бизнеске арналғанүкіметтегі» апта сайынғы инвесторларды қолдау, кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура жанындағы Сараптамалық кеңестердің жұмысы осыған бағытталған, – деді Нұржан Молдиярұлы.
Байқауға тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастық және салалыққоғамдық бірлестік өкілдеріненқұралған сараптамалық комиссия төрелік етті. Олар үш номинация бойынша үздіктерді анықтады. Қазылар алқасы кәсіпкерөнімдерінің сапасы мен бәсекегеқабілеттілігіне баса назар аударған. Сонымен «Өндірістік мақсаттағыүздік тауар» номинациясында үздік атанған «G Universal», «Novacom technology» серіктестігі мен жеке кәсіпкер «Алатау групп» қожайындарын облыс әкімі Нұржан Нұржігітов марапаттап, арнайы сыйлықтар тарту етті. Сол секілді «Халық тұтынатынүздік тауар» номициясы бойынша «Паритет 2014», «Izgi is Qordai» серіктестігі және жеке кәсіпкер «Повстянко» озық шықты. Оларды «Әулиеата Феникс» құс фабрикасының бас директоры Әлия Жүнісова марапаттады. Бұданөзге «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында кәсіпкер «Eco-chicken» және «ТПК Берсанукаев», «Мерке-ет комбинаты» серіктестігі үздіктер көшін бастады. Байқауда ісін енді бастаған «Муравенко», «Абзик Моторс», «Хожагаевич» сынды кәсіпкерлер де марапаттан құр алақанқалмады. Оларға облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Еркін Атымтаев Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстап, өңірдегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қорыта айтсақ, байқаудаүздіктердің ішінен қараүзіп шыққан 9 жеңімпаз жыл соңында Нұр-Сұлтанқаласындаөтетін «Қазақстанныңүздік тауары-2022» республикалық байқауында бақ сынамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.