«Қазақтың тілі – қазақтың жаны!»

0

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла¬ныс¬тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір¬шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет», — дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Расында, тіл- тәуелсіздігіміздің айғағы. Тіл мен тәуелсіздік  егіз ұғым. Тіл- азаттығымыздың қуатты тірегі. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек етіп, тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатымыз болып тұр. Тәуелсіз қазақ тілінің болашағы біздің, яғни, қазақ тілінің жанашыр  жастарының қолында. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін  асқақтату болып тұр. Дәл осы сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл — қазақ тілі» -деген сөзін ескермей кету мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тілге деген құрметті арттыру қажет. Бүгінде Президентіміз  қазақ тілін меңгеру біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалайды. Сондықтан тіл үйренуге талпынған отандастарымызды қолдауға шақырды. «Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз», — деп Президент атап өткендей өзге емес  өз тіліміздің мәртебесін асырайық. Қазақ елінің, қазақ тілінің жарқын болашағын бірге қалайық!

Н.Бейсембай, Ауқатты ауылы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.