Бүгінгі күні елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды реформалардың табысты болуы – ең алдымен әділдік пен ашықтыққа негізделген мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты.
Әкімдік аппараты мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары халыққа ең жақын билік деңгейі ретінде елдің дамуына, тұрмыс сапасының артуына, инфрақұрылымның жақсаруына жауап береді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – барынша ашық, әділ және заң аясында қызмет ету. Кез келген мәселені шешуде тұрғындардың пікіріне құлақ асып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді атсалысуымыз қажет.
Бүгінде ауылдық округімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Ашық әкімдік» жобасы жұмыс істеп тұр. Бұл бастама аясында әкімдік ғимаратында ашық қабылдау сағаттары өткізіліп, ауыл тұрғындары тікелей өз сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік жасадық. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы халықпен тұрақты кері байланыс орнатылып, кез келген шағым мен ұсыныс жылдам әрі әділ қаралуда.
Құрметті жерлестер!
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, барша-мыздың ортақ міндетіміз. Әр тұрғын өз құқығы мен заңды мүддесін қорғап, кез келген заң бұзу-шылыққа бей-жай қарамай, белсенді азаматтық позициясын көрсетуі қажет. Ауылымызда әділетті қоғам құру – біздің ортақ мақсатымыз.
Алмас ИЕНБЕРГЕН, Ауқатты ауылдық округінің әкімі