Қор өзінің медициналық көмекке ақы төлеу жүйесін іске қосты

0

«Е-Saqtandyry» ақпараттық жүйесі қысқа мерзімде әзірленіп іске қосылды және Қордың негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жаңа ақпараттық жүйемен не өзгерді?

Қордың медициналық көмекке ақы төлеудің жаңа жүйесі медициналық ұйымдармен шарттық қатынастарын жүргізу процестерін оңтайландыру және медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бұрын Қордың жеке төлем жүйесі болмаған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу жүйесі болған. Бұл медициналық көмекті қаржыландырудың кешігуіне әкелді.

«Saqtandyry» АЖ енгізу медициналық ұйымдарға шарттарды басқару процесін жеңілдетеді. Егер бұрын медициналық ұйымдар әртүрлі ақпараттық жүйелерде шарттар мен төлем құжаттарын (МӘМС және ТМККК бойынша бөлек) қалыптастырған болса, қазір «е-Saqtandyry» жаңа жүйесін енгізудің нәтижесінде, бұл процесс бір ақпараттық жүйеде бір шартқа дейін жеңілдетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.