ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қордай аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы  31 қаңтардан басталады.

№2 округ орталығы: Қордай ауданы Масанчи ауылы, Мәңгілік ел көшесі, 17, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел. 8/72636/3-20-35.

Округ шекаралары:  Масанчи ауылы. Құрамына №222, №223 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№9 округ орталығы: Қордай ауданы Қордай ауылы, Ольга Волкова көшесі, 1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп- гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел. 8/72636/4-87-23.

Округ шекаралары:  Қордай ауылы. Құрамына №235, №240 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.