Аудандық мәслихат хатшысы болып Нұрсипатов Руслан Маратұлы сайланды

0

Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1-4 шешімімен Қордай аудандық мәслихаттың VII шақырылымының хатшысы болып депутат Нұрсипатов Руслан Маратұлы сайланды.

Р.Нұрсипатов 1967 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Михайловка (қазіргі Қарасай батыр) ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Михайловка ауылындағы орта мектепті тәмамдап, Алматы технологиялық техникумына оқуға түскен. 1 курсты бітіргеннен кейін 1985-1987 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. Әскери міндетін атқарған соң оқуын жалғастырып, оны 1989 жылы аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылдың желтоқсан айында Қордай аудандық тұтынушылар одағының нан шығаратын цехында слесарь болып бастап, кейін Михайловка ауылының наубайханасына меңгеруші ретінде ауыстырылды. 1990 жылдың желтоқсан айында Михайловка ауылындағы наубайхананың меңгерушісі, одан кейін Қордай ауылының нан-тағам комбинатында директордың орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдың қаңтар айынан 2001 жылдың қаңтар айына дейін Қордай ауданының қоғамдық тамақтану орнының директоры.

2001 жылдың қаңтар айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін «Астық Астана 2030» ЖШС-нің директоры. 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде сырттай оқуға түсіп, «агрономия» мамандығын алды.

2004 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың сәуір айына дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары.

2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Қордай ауданының пошта байланыс торабының басшысы.

2016 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы. 2016 жылдың 24 наурызынан бастап Қордай аудандық мәслихатының хатшысы.

2020 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтады.

2012 жылдан бастап аудандық мәслихаттың V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

Үйленген, 4 баласы бар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.