ӨМІРБАЯН
Мен, Байсал Нұрлан Айдарұлы 1992 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында дүниеге келдім.
2014 жылы Алматы Технологиялық университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2014 жылы Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігіндегі Елшілігінде Консул көмекшісі болып бастадым, 2016-2017 жылдары «Қордай» ГЭК колледжінде оқытушы болдым, 2017-2018 жылдары «Номад-Азия-Экспресс» ЖШС-да менеджер, 2019-2021 жылдары Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметтерін атқардым, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы, Сұлутөр ауылдық округінің әкімі қызметін атқарудамын.
Өзекті мәселелердің шешу жолдарын сондай-ақ, біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бір-лесе жұмыс жасауға дайынмын.
Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!
Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мені округ әкімі етіп сайласаңыз-дар, алдағы 4 жылда:
2025 жылы Сұлутөр және Көктөбе ауылдарындағы жайылым жер мәселесін шешуге;
2025-2026 жылдары Сұлутөр және Көктөбе ауылдарының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
2026 жылы Сұлутөр және Көктөбе ауылдары арасындағы тас жолын жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
2026-2027 жылдары Сұлутөр және Көктөбе ауылдарының ауыз су мәселесінің шешілуіне;
2027 жылы Сұлутөр ауылына спорттық-сауықтыру кешенін салуға;
2025 жылы Көктөбе ауылына кіші футбол алаңын салуға;
2025 жылы Сұлутөр ауылының Жамбыл көшесін жарықтандыру мә-селесінің шешілуіне бар күш-жігерімді саламын.