Құрметті Сортөбе ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Фушанло Рустам Юнусович 1986 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келдім.
Білімім – жоғары. 2008 жылы Бішкек қаласындағы Қырғыз мемлекеттік университетін бітірдім. Мамандығым – құқықтану.
Еңбек жолымды 2009 жылы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері болып бастадым, 2011 жылдан 2013 жылға дейін өз еркімен жұмыстан шығарылғаннан кейін кәсіпкерлік қызметпен айналыстым, 2013 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қазанына дейін Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-лар бөлімінің маманы болып жұмыс істедім, 2016 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейін Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маманы,
содан кейін бас маманы және әкімнің орынбасары болып жұмыс істедім. 2021 жылдың сәуір айынан бастап аталған ауылдық округтің әкімі болып сайландым.
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
— Сортөбе ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу;
— Сортөбе ауылдық округіне қарасты Сортөбе ауылы мен Бұлар батыр ауылдарын аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге;
— Бұлар батыр ауылына балалар ойын алаңшасын салуға;
— Бұлар батыр ауылына мәдениет үйі құрылысын салуға;
— Сортөбе ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға;
— Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға;
— Ауылдық округтің елді мекендерінің көшелерін асфальттау және жарықтандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізуге;
— Жайылымдық жер-лерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күш-жігерімді саламын.
— Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!
Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!