ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 288,7 тонна ет (сойыс салмақта), 3354,2 тонна сүт, 395,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 75 тонна ет кем, 56 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 89975 басқа, қой 425971 басқа, ешкі 8518 басқа, жылқы 19047 басқа, шошқа 1030 басқа, үй құстары 103154 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6450 басқа, шошқа 500 басқа, қой — 22152 басқа көбейді, жылқы 265 басқа, ешкі 5715 басқа, үй құстары 29031 басқа азайды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 2258340 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 118,4% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1342731 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2711640 мың теңгені құрады.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2968486 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 821832 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 2146654 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.