АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1090,8 тонна ет (сойыс салмақта), 9995,4 тонна сүт, 3103,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 851,3 тонна ет, 339,2 мың дана жұмыртқа кем, 23,3 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 93802 басқа, қой 475811 басқа, ешкі 9590 басқа, жылқы 18699 басқа, шошқа 1169 басқа, үй құстары 100921 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5574 басқа, қой 5835 басқа, шошқа 466 басқа көбейді, жылқы 319 басқа, ешкі 2987 басқа, үй құстары 38031 басқа азайды.
БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 10003341 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3693532 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 6309809 мың теңгеге сатылды.