Қордай ауданының 2025 жылғы қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4010,2 тонна ет (сойыс салмақта), 31625,5 тонна сүт, 103405,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 80,2 тонна ет, 309,6 тонна сүт артық, 201,4 мың дана жұмыртқа кем өндірілді.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 30720448 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8 466 690 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 22 253 758 мың теңгеге сатылды.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 30914516 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 123,9 % құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 28566939 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 38 364 235 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.