Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің 27.12.2024 жылғы і31-03-09/1135 дәлелді қорытындысының негізінде Қордай аудандық электр тарату желісі 01.01.2025 ж. бастап тарифтердің өзгеретіні туралы ескертеді.
Тұрмыста қолдану тарифі – 28,77 теңге (ҚҚС қоса).
Жеке тұлғалар үшін электр қуатын тұтыну көлеміне қарай тарифтік дифференциация енгізіледі:
80 кВт/сағ. дейін – 27,03 теңге (ҚҚС қоса);
81 кВт/сағ. – 150 кВт/сағ. дейін 34,50 теңге (ҚҚС қоса);
151 кВт/сағ. асса – 43,14 теңге (ҚҚС қоса).
Тұрмыстық қажеттіліктер емес, басқа жағдайда қолданатын тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 34,32 теңге (ҚҚС қоса 38,44 теңге);
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 1 кВт/сағ. ҚҚС-сыз 64,52 теңге (ҚҚС қоса 72,26 теңге).
Қордай АЭЖ әкімшілігі