Қордай ауылына қарасты «Батыс» шағын ауданындағы саябақта ағаш отырғызу акциясы өтті.

0

Қордай ауылына қарасты «Батыс» шағын ауданындағы саябақта ағаш отырғызу акциясы өтті. Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасын сапалы іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі тапсырмасына сәйкес, мұндай игі шара еліміздің барлық аумақтарында ұйымдастырылып, жалпыхалықтық ауылды көгалдандыруға қордайлықтар да белсене атсалысты.
Жас көшет – өмірдің жалғасуының, ертеңгі күнге деген үміттің және жаңа бастаманың символы іспетті. Уақыт өте келе ол өсіп, көгеріп, айналаны көркейтіп, көптеген адамдарға қуаныш сыйлайды.
Ежелден ата-бабаларымыз ағаш отырғызу сауапты іс деп есептеген. Сол арқылы болашақ ұрпақтың Табиғат-Анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын ояту, қоршаған орта, айналамызға қамқор болу, жақсаруына өз үлесімізді қосуды көздейді.
Саябаққа ауыл қариялары мен ақ жаулықты аналар, әртүрлі сала мамандары, еңбек ұжымдары, жастар көптеп қатысты. Жиылған жұрт алдында акцияның шамылыдығын ашып берген аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов игі іске атсалысып жатқан баршаға сәттілік тіледі. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын мұндай шаралардың маңызы жайлы да айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.