Қордай ауылында Конституциялық өзгерістер талқыланды
Қордай ауылындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы тірек орта мектебінде мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында ауыл әкімі Ә. Қаспақбаев сөз сөйлеп, Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Ол өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың үнін есту тетіктерін күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындардың саяси белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру – уақыт талабы екенін айтты.
Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Н. Молдабеков те өз пікірін білдіріп, Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі екенін атап өтті.
Кездесу соңында мектеп ұжымы көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.