ҚОРДАЙДА 10 АУЫЛҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0

Мемлекет басшысының Қордай ауданы тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға берілген тапсырмасын орындау мақсатында Қарасу, Өтеген, Масанчи, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына жалпы сметалық құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 73,2 шақырым газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгінде қарқын алған. Аяқтау мерзімі 2020 жылдың қыркүйек айы деп белгіленіп отыр. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Қазіргі таңда ауылішілік газ желілері тартылып, үйлерді газға қосу жұмыстарын 4 мердігер бастап та кеткен. Бүгінгі күнге 815 тұрғынмен келісімшарт жасалыпты. Әр үйге газ қосу құны 350 мың теңге көлемінде болады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.