Жақында облыстық мәслихат депутаттары Талғат Сәрсембаев, Лугмар Буларов және облыстық мәслихаттың бас инспекторы Рүстем Айдынбеков Қордай ауданында ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібін табысты іске асырып отырған орындарға барып, жұмысымен танысты.
Олардың қатарында Масаншы ауылындағы көкөніс жылыжайы болды. Оңтүстік Кореялық жабдықты пайдаланатын жылыжай кешені тамшылатып суару әдісін қолданады. Қызанақ түптері үш метрге дейін көтеріледі. Қажетті температураны сақтау, суару және себу авторматтандырылған. Қазіргі таңда жұмысын мықтап жолға қойып шаруашылықтың алға қойып отырған мақсаты да таудай.
Сапар барысында депутаттар Сортөбе ауылындағы «Kordai Fish» форель шаруашылығында болды. 2019 жылы пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Қазір аяққа нық тұрып, өсірген балықтарды еліміздің ірі қалаларына саудаланып жатқан шаруашылық жұмысына сәттілік айтылды. Қазір су қоймаларында форелдің екі түрінің саны 100 мыңға жеткен.
Осыдан соң Қордай ауылының маңынан орын тепкен «Гринвил» ЖШС-нің аквапоника әдісін қолданып отырған жылыжай кешеніне барды. Оңтүстіккореялық технологиялар қолданылған жылыжай «МАNN CEA» деп аталатын әлемдегі үздік акваферма өндіруші компаниясынан тапсырыспен алынып, бүгінгі күнге толық орнатылған бірегей өндірістік жылыжай. «Айсберг», «Руккола», «Листовой», «Роблен» сынды жоғары өнімді салат түрлері мен «Тилапия» балығын сатылымға шығаруда. Депутаттарға жылыжай қызметкерлері қазіргі жұмыс барысы жайында түсініктеме берді.