«ҚОРДАЙЫМ — ҚҰТ МЕКЕНІМ»

0

Қордай ауданының мәдени өмірінде маңызды орын алатын «Қордайым — құт мекенім» аудандық фестивалі жалғасын табуда. Осы аптада фестиваль кезегі Отар ауылдық округі жастарына жетіп, олардың өнерімен жалғасты. Жергілікті тұрғындар мен қонақтар жиналған бұл іс-шара Қордай ауылының орталық саябағында ұйымдастырылды.

 

Фестивальдің басты мақсаты – ауданның барлық округ жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды мәдениет пен өнерге баулу, сондай-ақ, аудан жастары арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Жастардың өз өнерлерін ортаға салуы, олардың таланты мен еңбекқорлығын танытуға мүмкіндік береді.

Әр жұма сайын өткізілетін бұл фестиваль ауданның әр округінде өтуде. Ауданның барлық округ жастары жұмылдырылған бұл шарада әр округ өз өнерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленуде. Бұл фестиваль тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар жастардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, өзара жақын танысуына себеп болуда.

Жыл соңында, фестиваль қорытындысы бойынша, «Қордайым — құт мекенім» фестивалінің үздік қатысушылары анықталып, жеңімпаз округ арнайы жүлдемен марапатталады. Бұл жүлде  жастардың шығармашылық еңбектерін бағалаудың маңызды көрсеткіші болмақ.

Фестиваль алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданымыздың жас таланттарын шыңдауға ықпал етеді деген сенімдеміз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.