2024 жылдың 9 айында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын 1 млн 205,8 мың азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 699,9 млрд теңгеге төлем алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ӘСҚ-дан 5 әлеуметтік тәуекел бойынша төлемдер жүзеге асырылады: еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша, бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша.