Қызылша – вирустан туындайтын жұқпалы дерт. Аталған аурумен сырқаттанған адамның орталық жүйке жүйесі зақымдалады.
Адам қызылшамен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болғанда жұқтыру қаупі өте жоғары. Қызылша дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу сынды алғашқы белгілермен басталады. Көздің жасаурауы, коньюктивит негізгі белгілері жіті респираторлық вирустық инфекциясына ұқсас 2-3 күнге дейін сақталады. Одан кейін қызғылт нүкте-бөртпе пайда болады. Алғашында адамның басында (құлақарты, беті ) кейін ақырындап 2-3 күн ішінде төмен түсе бастайды.
Қызылшадан өлім жағдайларының көбісі ауруды асқындырып алумен байланысты. Ең күрделі асқынулар соқырлық, энцефалит, құлақ инфекциясы және пневмония.
Бүгінгі таңда қызылшаны емдеудің өзіне тән (специфик) емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті індеттен сақтанудың жалғыз жолы – тек вакцинациялау.
Вакцинадан қорқудың керегі жоқ ол вакцина елімізде неше жылдан бері ұлттық егу тізбесіне сәйкес қолданып келеді.
Өздеріңіз теледидардан, әлеуметтік желілерден естіп жатқан шығарсыздар, соңғы екі айда әлемнің көптеген елдерінде, сонымен қатар, біздің елімізде де қызылша індетінен эпидемиялық жағдай қолайсыз болып отыр.
Соңғы екі айда бұл аурудың 13 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, оның 83% негізінен 5 жасқа дейінгі балалар құрады. Сонымен қатар егілмеген ересек адамдарда ауырып жатыр.
Айта кету керек, тіркелген науқастардың 70% егілмеген балалар болса олардың 60% – вакцинадан бас тартқандар, 18% – медициналық қарсы көрсеткіш, 22 % – жасына жетпегендер.
Осыған байланысты ҚР БМСД дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадан №7 қаулысы шықты. Аталған қаулыға сәйкес мына контингенттер иммундауға жатады. 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейін және қызылшаға қарсы проф иммундауы жоқ мед. қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлері егіледі. Егілетін адамның немесе ата-анасы хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы Қосымша Жаппай иммундау жүргізіледі.
Бүгінгі таңда қызылшаны емдеудің өзіне тән (специфик) емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті індеттен сақтанудың жалғыз жолы – тек вакцинациялау.
Вакцинадан қорқудың керегі жоқ, ол вакцина елімізде неше жылдан бері ұлттық егу тізбесіне сәйкес қолданып келеді.
М.Асаров, Қордай аудандық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармасының басшысы