Үш бап бойынша әкімшілік жазаға тартылды

0

Қордай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  610 бабының 1 бөлігімен, 611 бабының 2 бөлігімен, 608 бабының 1 бөлігімен /Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы, Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы, Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру/ құқық бұзушылық жасаған азамат С.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

7 қыркүйек 2024жылы сағат 16:50 минут шамасында азамат  С. «LADA GRANTA» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жедел жәрдем станциясына тиесілі «GAZ 32214» маркалы автокөлігімен соқтығысып,  автокөліктердің механикалық бүлінуіне алып келген материалдық залал келтірген. Содан кейін  С. оқиға болған жерден  кетіп қалған.

Сол күні сағат 18:10 минутта  С. «LADA GRANTA» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотта С. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.

Сот  қаулысымен С.  ӘҚБтК-тің 610 бабының 1 бөлігімен, 611 бабының 2 бөлігімен, 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ӘҚБтК-тің 58-бабының 2-бөлігінің талаптары қолданылып, түпкілікті 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 8 (сегіз) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айру түріндегі жазалары тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.