ӘДЕБИ-ӘУЕН МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТТІ

0

Бүгінде білім мен тәрбие ошақтарында жас ұрпақты кітап оқуға баулу ісі тиімді жолға қойылған. Осы мақсаттағы түрлі акциялар мен оқуға құштарлықты арттыруға бағытталған арнайы іс-шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады.

Мәселен, осы аптада аудандық мәдениет үйінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы аясында Қордай ауданында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күндері өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын арттыру және кітап оқу мәдениетін дамыту болды. Аудан күндері мәдениет үйдің фоесінде Талас ауданынан шыққан Еңбек ері және Кеңес одағының батырларына арналған кітап көрмесімен басталып, кейіннен сахна төрінде Талас ауданының 95 жылдығына орай «Таулары тарих, даласы дастан Таласым» атты әдеби-әуен мерекелік кешімен жалғасты.

Осы күні мәдени шара «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауына қатысып отырған Сарыбұлақ ауылдық кітапханасында жалғасты. Бұл байқаудың мақсаты – ауыл кітапханаларының өңір тұрғындарына бүгінгі заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі ұйымдастыру біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау. Осыдан кейін Қордай ауданының 95 жылдығына орай жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Өлке тарихын тану – ұрпақ парызы» атты әдеби-әуен кеші Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде өтті. Шара барысында ауданнан шыққан танымал тұлғалар мен өнер майталмандары және аудан тарихы жайлы «Әже мен немере» көрінісі, Марал Ысқақбайдың «Қырық қыз» хикаятынан үзінді көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.