«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, ӨРКЕНДЕГЕН ҚОҒАМ»

0

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Әділетті мемлекет, өркендеген қоғам» атты жастар форумы өтті. Форумға партияның Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов,  «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасы Алишер Аяпберген, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары,  колледж ұстаздары және оқушылар мен студенттер қатысты.

Еркін форматта өткізілген шарада алғаш сөз кезегін алған Бейқұт Тлебалдыұлы форумның маңыздылығын атап өтіп, жастарды өз Отанын құрметтеуге, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосуға шақырды. Ал Нұрдин Есенгелдіұлы әрбір адам болашағының бақытты, келешегенің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде ұстаздардың орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, жастардың келешек қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жетістікке жеткен аудандық спикерлер бағыт-бағдар беріп,  түрлі салада белсенділік танытып жүрген жастарға партия атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Жиын соңы аудан өнерпаздары арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.