ӘКЕСІН ҚОРЛАҒАНЫ ҮШІН ҰЛЫ СОТПЕН ЖАЗАЛАНДЫ

0

Қордай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат С.-ға қатысты іс қаралды.

Сотпен анықталғандай 2024 жылдың ақпан айында азамат С. алкогольдік масаң күйде үйінде жанжал шығарып, отбасындағы ұрыс кезінде әкесіне балағат сөздер айтқан.

2023 жылдың шілде айында С. ӘҚБтК-нің 73-б. бойынша соттың қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаға тартылған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалған.

Сотта С. өзінің кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді.

Жәбірленуші-құқық бұзушының әкесі соттан ұлына жаза қолдануды сұрады, өйткені оның тарапынан мұндай әрекеттері бірнеше рет қайталануда.

ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. талаптарына сәйкес, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста болған адамдарды сыйламаушылықты білдіретін, олардың тыныштығын бұзатын әдепсіз сөздер айту, қорлау, тұрмыстық заттарын бүлдіру және өзге де әрекеттер үшін , жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын үйде, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Сот қаулысымен азамат С. ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.