ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН САТАТЫН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАДЫНАМА

0

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.

Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының
он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы — ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Анықтама үшін: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:

ақ қант– құмшекер күнбағыс майы
бірінші сортты бидай ұны тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі)
бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
рожки (өлшеніп салынатын) майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт
қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран
тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)
картоп
сәбіз тауық жұмыртқасы (I санатты)
пияз ас тұзы
ақ қауданды қырыққабат сүзбе: майлылығы 5 – 9 %

Осыған байланысты, шарттар жасасу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сіздің кәсіпорыныңыздан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін рұқсат етілген сауда үстемесінің мазмұны бар тармақты қарастыру қажет екенін хабарлаймыз.

Сұрақтар мен шағымдар үшін 87075350050 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.