ӘР АЗАМАТ СҰРАҒЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

0

Қазіргі кезде аудан әкімінің тұрғындармен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету игі үрдіске айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің қордаланбауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, билік пен бұқараның әрқашан өзара қарым-қатынаста болуы – Президенттің тікелей тапсырмасы және де мемлекеттің ұстанымы. Осы орайда аудан әкімі Бегзат

Болатбеков дүйсенбі күні кезекті қоғамдық қабылдау жүргізді.

Жеке қабылдау барысында қордайлықтар тұрғын үй кезегі, жұмыссыздық, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселе-лер және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойды.

Қабылдауға алдын ала жазылған 16 тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Сондай-ақ, аудан әкімі телефон арқылы онлайн форматта  бір тұрғынның өтініш-тілегін тыңдап, жауабын берді.  Көпшілігінің мәселелері ортақ, яғни үй кезегі немесе жер мәселесіне қатысты болды. Бегзат Сейсенқұлұлы әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, оны шешу жолын қарастырып, заң аясындағы түсіндірмесін берді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.

Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.