ӘСКЕРИ ӨМІРМЕН ТАНЫСУ

0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың басшылығымен Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдердің базасында отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналары үшін тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Бұл шара БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында өтті.

Іс-шара барысында қонақтар бірнеше маңызды нысандарды аралады, соның ішінде сарбаздар жаттығатын оқу полигондары мен техникалық қамтамасыз ету орталықтарына барды. Журналистер мерзімді әскери қызметшілермен сөйлесіп, олардың күнделікті өмірі мен жауынгерлік дайындық ерекшеліктері туралы сұрады.

Сонымен қатар, журналистер әскери қызметшілер тұратын және оқитын ғимараттарды аралап, олардың қызмет ету және тұрмыс жағдайларын бағалады. Қолбасшылық өкілдері Қарулы Күштерді жаңғырту, жеке құрамды даярлау бағдарламалары және Құрлық әскерлерінің даму перспективалары туралы сұрақтарға жауап берді.

Қонақтарға әскери техника саласындағы ең жаңа әзірлемелер көрсетіліп, тактикалық және дене даярлығын қамтитын жаттығу үдерісі таныстырылды.

«Біз мұндай кездесулер журналистерге Қарулы Күштердің қызметі туралы шынайы пікір қалыптастыруға көмек-тесетініне сенімдіміз. Бұл сапар Қарулы Күштердің ашықтығын арттырып, қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнатуда маңыз-ды қадам болды», – деп атап өтті генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Пресс-турға қатысушылар мұндай іс-шаралардың Қарулы Күштер туралы жағымды пікір қалыптастыру және әскери орта мен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

«Әскери бөлімдерді аралау бізге армияны ішінен көруге бірегей мүмкіндік берді. Біз әскери қызметшілердің күнделікті өмірі-мен танысып, жеке құрамның дайындығы ел қауіпсіздігін қам-тамасыз етуге қалай ықпал ететінін көрдік», – деді белгілі қазақстандық блогер Тимур Асылханов.

Пресс-турдың қорытындысы бойынша қатысушылар ұйымдастыру-шыларға ашық әрі мазмұнды кездесу үшін алғыс айтып, әскери қызметшілердің кәсібилігін жоғары бағалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.