Қордай, Кенен, Масаншы және Қаракемер ауылдарында Қордай аудандық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс тобының қызметі күшейтілуде.
Жоба аясында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынуда.
Аудан әкімдігінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобы ауыл тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
Әрбір отбасыға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық беріліп, алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
Жұмыс тобы тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану, электр құралдарын қауіпсіз қолдану, балалардың отпен ойнауына жол бермеу секілді маңызды мәселелер бойынша кеңес береді.
Бұл іс-шаралар Қордай ауданының тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және балалардың қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасауға бағытталған. Жоба аясында жұмыс жалғасын тауып, аудан бойынша қамтылған аумақ кеңейтілетін болады.