№2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

0
1. Шығып қалған мәслихат депутатының сайлауын тағайындау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

31 қаңтар 2024 жыл

(14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

31 қаңтар 2024 жыл

 

(101-б. 6-т.)

 

3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылғы 15 ақпанға дейін

(23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

  Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

 

31 қаңтарда басталады және 2024 жылғы 29 ақпанда  жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады.

(103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу
  Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)
  Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу
  Округтік сайлау комиссиясы

31 қаңтарда басталады және 2024 жылғы 05 наурызда   жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады.

 

(104-б)

 

11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну
  Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

(104-б. 5-т.)

 

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

(104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу
  Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

14. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
  Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-б. 2-т.)

 

15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
  Тиісті сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)

 

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау
  Тиісті сайлау комиссиясы

Айына екі рет

Қағиданың 23-т

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру
  Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 05 наурызға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
  Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылғы 10 наурызда

(26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылғы 15 наурыздан бастап

(26-б. 1-т.)

 

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
  Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 20 наурызға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

   
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 28 наурыздан ерте емес және 30 наурыздан кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін аҚордай  және тиісті хаттама жасау
 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда,

2024 жылғы 31 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

25. Дауыс беруді өткізу
  Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 наурызда  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
  Учаскелік  сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 наурызда  сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін 12 сағаттан аспауы тиіс

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
  Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

29. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
  Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

30. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей

(108-б. 2-т.)

 

31. Мәслихаттың шығып қалған депутататының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

   
32. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

33. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

(34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот Қордай  және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.