🇰🇿 Қазақстан — 2026 жылы қоныс аударуға ең қолайлы ТМД елі

0

🇰🇿 Қазақстан — 2026 жылы қоныс аударуға ең қолайлы ТМД елі

Америкалық Remitly компаниясының Immigration Index 2026 рейтингі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орынға ие болды. Әлемнің 82 мемлекеті қамтылған рейтингте Қазақстан 53-орыннан көрінді.

Салыстыру үшін:
* Молдова — 56-орын
* Әзербайжан — 66-орын
* Армения — 74-орын
* Өзбекстан — 75-орын

Ал Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан рейтингке енбеген.

Елдер 34 маңызды көрсеткіш бойынша бағаланған: қауіпсіздік деңгейі, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, сондай-ақ өмір сүру жайлылығы.

Сарапшылар Қазақстандағы қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін және өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалғанын ерекше атап өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.