2025 жылғы 24 тамызда өткен Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

0

2025 жылғы 24 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Бетқайнар ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 3557 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 2378 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

Бетқайнар ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Ақылқожа Аида Болатқызы үшін сайлаушылардың — 136 дауысы берілді,

Куттуков Бакытжан Бауыржанович үшін сайлаушылардың — 1804 дауысы берілді,

Ташкараев Куандык Сагинбаевич үшін сайлаушылардың — 399 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 22.

Сайлау қорытындыларымен: Бетқайнар ауылдық округінің әкімі болып Куттуков Бакытжан Бауыржанович сайланды. 1987 жылы туған, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылының тұрғыны.

Қаракемер ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2100 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 1283 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

Қаракемер ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алыбаев Рашид Елшибекович үшін сайлаушылардың — 1047 дауысы берілді,

Нургалиев Куанышбек Абдикадырович үшін сайлаушылардың — 143 дауысы берілді,

Нұрқияс Айдана Досымханқызы үшін сайлаушылардың — 67 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 8.

Сайлау қорытындыларымен: Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып Алыбаев Рашид Елшибекович сайланды. 1971 жылы туған, Қаракемер ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны.

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 701 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 471 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Конырбаев Бахыт Жаркынович үшін сайлаушылардың — 399 дауысы берілді,

Молдахметова Балғын Нурланқызы үшін сайлаушылардың — 42 дауысы берілді,

Садвақас Жалғас Бақытұлы үшін сайлаушылардың — 24 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 3.

Сайлау қорытындыларымен: Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Конырбаев Бахыт Жаркынович сайланды. 1989 жылы туған, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылының тұрғыны.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.