2025 жылдың 12 айында Қордай ауданында 2625 нәресте дүниеге келді, оның ішінде 20-сы егіз. Бұл көрсеткіштер – ауданның демографиялық ахуалының жақсарып жатқанына дәлел болып табылады. Сондай-ақ, ана мен бала денсаулығына жасалған қамқорлық пен медициналық қызметтің жетілдірілуімен тығыз байланысты.
Қордай ауданында заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылардың орнатылуы денсаулық сақтау саласындағы маңыздылығын дәлелдейді. Технологиялардың арқасында аудандарда да сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі артуда. Бұл ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің төмендеуіне сондай-ақ, күнделікті медициналық қызметтерге деген халықтың сенімінің артуына әсер етеді.
«Қордай ауданында ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Заманауи медициналық құрал-жабдықтардың енгізілуі арқасында, біз жаңа туған нәрестелер мен аналардың денсаулығына қатысты диагноздарды дер кезінде анықтауға және заманауи емшараларды қолдануға мүмкіндігіміз бар. 2025 жылы 2625 нәрестенің дүниеге келуі — біздің жүйеміздегі жетістіктің бір көрінісі.
2024 жылғы статистика бойынша, ауданымызда 2821 нәресте дүниеге келгенін атап өткен жөн, бұл халықтың медициналық қызметтерге деген сенімінің артуының бір дәлелі. Біздің басты мақсатымыз – ана мен бала денсаулығын қорғау және оларды қолдау», — дейді АОА бас акушер-гинекологы Шынар Усербаева.
Шынар Қадыржанқызының мәліметіне сәйкес, аудандағы балалы отбасыларға қолдау көрсету, ана мен бала денсаулығын қорғау, жүктілікті жоспарлау және консультация беру сияқты бастамаларды іске асыру арқылы туу көрсеткішінің артуына сеп болуда.
Жалпы, Қордай ауданындағы медициналық қызметтердің жақсаруы, ана мен бала денсаулығын қорғаудағы жұмыстар мен халықтың медициналық білімінің артуы болашақта демографиялық көрсеткіштердің одан әрі жақсаруына септігін тигізетініне сенім білдіруге мүмкіндік береді.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ