54 ҚОРДАЙЛЫҚ «PFIZER» САЛДЫРДЫ

0

Қордай ауданына «Pfizer» вакцинасының 90 дозасы жеткізілді. Елімізде бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге, жүкті және емізіп жүрген аналарға салынатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Аталған санаттағы адамдарды вакцинациялау тек медициналық ұйымдардың және аудандық мектептердің медициналық пункттерінде жүргізіледі.
Бүгінгі таңда 54 қордайлық азаматқа «Pfizer» екпесі егілді. Оның ішінде бір аяғы ауыр келіншек, алты бала емізіп жүрген аналар және қырық жеті жасөспірім бар. Екпе салдырған барлық азаматтар өздерін жайлы сезінеді. Айта кетейік, «Pfizer» вакцинасы балаларға тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынады. Қазіргі сәтте осы бағыттағы ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде.

Роза СЕЙЛХАНОВА, Қордай АОА иммунолог дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.