АУДАН ӘКІМІ Р.ДӘУЛЕТТІҢ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Қадірменді жерлестер!

Құрметті Отан қорғаушылар!

 Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғау-шылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке – ел мен жердің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін  күн.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған елге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды.

Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отырған шақта Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған. Оның жарқын көрінісін шекаралас аймақтың бірі ауданымыздан-ақ көруге болады.  Өздеріңізге белгілі ауданымызда замануи үлгідегі ірі шекаралық әскери бөлімі мен заставалар бар, сондай-ақ, халықаралық, республикалық  деңгейдегі әскери іс-шаралардың орталығына айналған Отар ауылы мен Гвардейск қалашығының бүгінгі келбеті шағын қалалардан кемде емес.

Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында халықтар арасындағы бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, Республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Сондықтан да Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндеті – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өзіндік үлесін қосу.

Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн.      

Құрметті жерлестер!

Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып,  бақыт пен татулық, әрбір отбасыға ізгілік пен игілік тілеймін.

Туған еліміздің іргесі бүтін, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.