Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық істерді электрондық форматқа көшіру көзделген. Осы талаптарға сәйкес ағымдағы жылдың 7 айында Гвардейск гарнизонының барлық әскери қылмыстық қудалау органдары бойынша оң үрдіс сақталуда, электрондық форматта 95% қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүзеге асырылды.
Цифрландыру іс жүргізу шаблондарын электрондық форматта толтыру және оны СДТБТ жүйесінде сақтау арқылы қол жеткізілетін құжаттарды бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатын көздейтінін атап өткен маңызды. Бұл жүйеде жасалған құжаттар электронды деп саналуы керек. Сонымен қатар, соңғы жылдары тергеу процесін жеңілдету үшін қылмыстық қудалау органдарының жұмысына инновациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде.
Соның бірі — тергеу органдарына сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды электронды түрде жіберуге және сарапшылардан олардың нәтижелерін СДТБТ-не электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беретін «E-saraptama» модулі пайдалануда бар. Сондай-ақ, тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны тағайындау үшін «Е-Заң Көмегі» және тергеу әрекетін жұмыс орнынан тыс жерде жүргізу мүмкіндік беретін «Offline СДТБТ» модульдерін пайдалану тергеу процесін жеңілдетуде. Қылмыстық процесті цифрландыру тергеу әрекеттерінің және олардың заңдылығына қадағалау сапасын арттырып, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуіне ықпал етуде. Бұдан бөлек, электрондық қылмыстық істің енгізілуі іс материалдарын бұрмалау фактілерін болдырмау және тергеу сатыларының ашықтығына және тазалығына деген сенімді қадам екені айқындала түсті.
А.Султанкулов, Гвардейск гарнизоны әскери прокурорының орынбасары