Ағайынның емес, ауылдастың тайы озсын

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылғы Жолдауында елдегі әлеуметтік және саяси мәселелерге кеңінен тоқтала отырып, соның ішінде ауыл әкімдерін сайлау туралы бастамасы қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Бұған дейін елді мекендердің басшылары тікелей дауыс беру арқылы сайланбағаны белгілі. Президентіміз Қ.Тоқаевтың жаңа бастамасының бірнеше ерекшелігі бар. Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келген. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтамақ. Яғни, ауыл азаматтары өздері сайлайтын болды. 25 шілде күні өтетін саяси додадан көпті күтеміз, жақсыдан үміттеміз.
Ауыл әкімдерін сайлау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, маңызды реформаға бастайтын өте жақсы бастама екені белгілі.
Қадірменді қордайлықтар!
Жексенбі күні өтетін сайлауға белсене қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Бұл жерде «ағайынның емес, ауылдастың тайы озсын» деген қағидамен өмір сүріп, барша жұрттың ауылды көркейтуге үлес қосқаны абзал. Сонда ғана ел көгереді. Ынтымақ артады. Бірлігіміз бекем болсын десек, ертең ел тізгігін мықтап ұсатйтын азаматқа дауыс беріп, таңдауымызды талапқа сай жасайық.
Төле СҮГІРБАЙ, Жамбыл облысы
және Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.