АБАЙ МҰРАСЫ – АДАМЗАТТЫҢ АЗЫҒЫ

0

Бүгін Қордай аудандық мәдениет үйінде халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Концерттік шараны аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық мәслихат депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева, ҚР ҰҚК Қордай аудандық шекара басқармасының өкілдері мен жас сарбаздары және аудан тұрғындары тамашалады.

Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, кеш шымылдығын ашып берді. Орындаушылар поэзияны қамтып қана қоймай, Абай ілімінің философиялық мазмұнына да назар аударды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған концерттік бағдарлама ақын мұрасын дәріптеп қана қоймай, оның шығармаларындағы терең ойлардың бүгінгі жастар үшін маңызын айқындай түсті.

Концерттік шара әрмен қарай жалғасып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары К.Сәрсенбаева, Қ.Қожағазина, Е.Боранбек, С.Джуатбекова, М.Сұлтанқұлдың орындауында Абайдың әндері шырқалып, халқымыздың бірлігі мен мәдени әртүрлілігін паш етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Абай – қазақ халқының рухани реформаторы» деп баға берген.

Абай — ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздан ерекше орын алатын тұлға. Оның ғұмыры мен ғибраты, шығармашылығы қазақ халқына ғана емес, әлем жұртына да өнеге екені рас.

Leave A Reply

Your email address will not be published.